Алматы облысында 5 бала өртеніп кете жаздады

13 тамыз, 2025 / Інжу Әлихан
ТЖМ

Бүгін Алматы облысының Өтеген батыр ауылында бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 50 шаршы метр аумақтағы жалынды қысқа мерзімде сөндірді.

Автобаспалдақтың көмегімен екі ересек пен бес бала эвакуацияланды. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Үй тұрғындары ТЖМ қызметкерлеріне үйлесімді әрі кәсіби жұмысы үшін алғыс білдірді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Тэгтер:

Алматы облысы Бала өрт