Астанадан Түркістанға барып, жоғалып кеткен жасөспірім қыз табылды

13 тамыз, 2025 / Алуа Арман
polisia.kz

Түркістанда полиция жоғалған балаларды ата-аналарына табыстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Түркістан қаласы полиция басқармасының "102" пультіне Астана қаласының тұрғынынан қызының жергілікті базарлардың бірінде жоғалып кеткені туралы хабарлаған.

Тәртіп сақшылары көшелер мен базарға іргелес аумақтарды, сондай-ақ қыздың баруы мүмкін бағыттарды мұқият тексерді. Нәтижесінде учаскелік инспекторлар базардағы дүкендердің бірінен жоғалған қызды тапты. Анасы қызын бутиктердің бірінің қасында қалдырып, басқа дүкенге кеткені анықталды. Ал жасөспірім базарда өз бетінше аралап кеткен. Полицейлер жоғалған қызды ата-анасына тапсырды.

Дәл осы күні тәртіп сақшылары базарда жоғалған тағы екі кәмелетке толмаған баланы жедел тапқан.

Өз кезегінде полицейлер профилактикалық әңгімелер жүргізіп, ата-аналарға балаларға мұқият болу және оларды қараусыз қалдырмау қаншалықты маңызды екенін ескертті.

Тэгтер:

Жасөспірім Түркістан жоғалу