Доллар бағасы бірден 4 теңгеге арзандады

13 тамыз, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларына шаққандағы орташа өлшенген айырбас бағамы 537,96 теңгені құрап, 4,08 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің 13 тамызға арналған ресми доллар бағамы – 542,29 теңге.

Kurs.kz сайтының деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен сатып алу бағамы – 539,31 теңге, сату бағамы – 541,61 теңге. Астанада айырбастау пункттері долларды орта есеппен 536,55 теңгеден сатып алып, 543,55 теңгеден сатады.

Еске сала кетейік, 11 тамыздағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 2,85 теңгеге өскен еді, ал 12 тамызда 0,49 теңгеге төмендеді.

Тэгтер:

Доллар Валюта теңге нарық қор