Қазақстанда нөсер жауып, күн суытады

13 тамыз, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

«Қазгидромет» баспасөз қызметі 2025 жылғы 14-16 тамызға арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Солтүстік-батыс циклоны Қазақстан аумағының басым бөлігіне өз әсерін сақтайды. Батыста, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Елдің оңтүстік бөлігінің жекелеген аудандарында жоғары температура аясында найзағаймен өткінші жаңбыр жауады», – делінген хабарламада.

Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңғы сағаттарда солтүстік пен шығыста тұман болжанады.

Температуралық фон: республиканың батысында түнде +13…+18, күндіз +20…+30; солтүстік-батысы мен солтүстігінде түнде +10…+18, күндіз +18…+26; орталық облыстар мен оңтүстік-батыста күндізгі ыстық сәл бәсеңдеп, +25…+33-тан +20…+28-ге дейін; ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +33…+38-ден +30…+35 градусқа дейін. Шығыс өңірлерде ыстық ауа райы сақталады, күндіз +25…+30 градус.

Тэгтер:

ауа райы Қазгидромет Жаңбыр суық нөсер