Президент есірткіге қарсы штаб жұмысын Үкімет деңгейінде қарауды тапсырды

13 тамыз, 2025 / Інжу Әлихан
Akorda

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысынан кейін есірткіге қарсы штаб жұмысын Үкімет деңгейінде қарауды тапсырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Қазақстан Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.

«Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында наркотизмге қарсы күрес мәселелері қаралды. Жиын қорытындысы бойынша, Мемлекет басшысы Нашақорлыққа және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық штабты Ішкі істер министрлігінің қарауынан алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің деңгейіне көтеруді тапсырды.

Бұл нашақорлықпен және есірткі саудасымен күресті жандандыруға, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдар арасындағы жұмысты анағұрлым тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.