13 тамызда шамамен сағат 11:00-де Алматыдағы Ташкент трактісінде Mercedes-Benz көлігі өртке оранды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер көліктің (газ-бензин) жанып жатқанын анықтады. Төрт минут ішінде қызметкерлер жалынды толық сөндірді.
Зардап шеккендер жоқ. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) өрттің себебі анықталатын атап өтті.
Айта кетейік, тілсіз жауды ауыздықтауға Алматы ТЖД-нің 12 қызметкері мен екі техникасы жұмылдырылған.