Айжан Байзақованың інісі шетелдік келіншегімен ажырасқанын мәлімдеді

13 тамыз, 2025 / Алуа Арман
Ғаламтор

Әлихан Байзақов 2024 жылдың наурыз айында үйленген еді. Оның таңдауы орыс және кәріс тегі бар Стефанияға түскен. Жұбайы Әлихан үшін ислам дінін қабылдаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алайда 2025 жылдың жазында көпшіліктің көкейінде “жұп ажырасып кеткен жоқ па?” деген сұрақ туындай бастады. Әлеуметтік желілерде бұл тақырып белсенді талқылана түсті, себебі жұбайлардың аккаунттарынан бірге түскен суреттер жоғалған еді.

Жазбасының астына оқырмандар көптеген пікір қалдырды.

“Жарыңды қайтар, бақытты өмір сүріңдер, анаңды ойла, сен жақсы адамсың ғой”, “Стефа сияқты әдемі қызды бағаламағаныңа өкінішті, ол сондай нәзік”, “Оған қалай күйеуге шыққанына таңғаламын”, “Мынадай адамға қалай тұрмысқа шыққан? Сен құмар ойыншысың әрі босбелбеусің, енді ақылға келетін уақыт болды”, - деді желі қолданушылары.

Осы болжамдардан кейін Әлихан ажырасып кеткендерін ресми түрде растады. Оның айтуынша, бұл — екі жақтың ортақ шешімі.

«Барлық бұрынғы қыздарыма, бойжеткендерге, әйелдерге үлкен құрметпен қараймын. Өте көп жақсы сәттер мен естеліктер болды, бірақ бәрінің соңы бар. Мәселе жабық деп есептеймін», — деп жазды Байзақов Instagram stories-те.

Сондай-ақ, ол Стефанияның енді оның тегі мен отбасына ешқандай қатысы жоқ екенін атап өтті.

Тэгтер:

Ажырасу Үйлену Айжан Байзақова Әлихан Байзақов