Шығыс Қазақстанда сүт өңдеу үш есеге артты

Шығыс Қазақстанда сүт өңдеу үш есеге артты

Шығыс Қазақстанда сүт өңдеу үш есеге артты
ашық дереккөзі
ШҚО-да сүт өңдеу деңгейі соңғы үш жылда үш есе артқан. Бұл туралы ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қонысбай Төлеубеков облыс әкімдігінде өткен кеңейтілген аппараттық жиналыста мәлімдеді. Қ. Төлеубеков өткен жылы өңір халқынан 12,1 мың тонна сүт сатып алынғанын атап өтті. Енді сүт қабылдайтын жаңа пункттер ашу арқылы бұл көрсеткішті еке есе арттыру жоспарланып отыр. «Сүт қабылдайтын әрбір пунктті толық жүктеу үшін біздің басқармамыз қалалық және аудандық әкімдіктермен бірлесіп, облыстың 70 ауылдық округінде және екі қаласында 14 мың ауылдық ауланы қамти отырып, сүт сатып алу бойынша бар базаға талдау жасады. 2017 жылғы ақпаннан желтоқсанға дейінгі кезеңде сүт қабылдайтын әрбір пунктке халықтан сүт сатып алу бойынша айлық тапсырма берілді», – деді Қ. Төлеубеков. Оның айтуы бойынша, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында халықтан 1 300 тоннадан астам сүт сатып алынған. Өңір басшысы Даниал Ахметов мал шаруашылығын сүт бағытында дамыту, асыл тұқымды мал алуға шағын несиелендіру жұмысын жалғастыруды тапсырды. Сондай-ақ, облыс әкімі сүт малын күтіп-ұстау ережелері мен азықтандыру ерекшеліктерін әзірлеу қажеттігін де айтып өтті. Осы ақпаратты қамтитын кітаптар сүт өндірісімен айналысатын облыстың әрбір тұрғынында болуы тиіс.