Астанада балабақша қызметкерлеріне 1 млрд теңге жалақы төленбеген

13 тамыз, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Елорда прокуратурасы мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің конституциялық құқықтарын қорғады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тексеріс нәтижесінде қаладағы мектепке дейінгі ұйымдардың 2 100 қызметкеріне еңбекақы төлемеу, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік салықтар мен медициналық сақтандыру төлемдерін аудармау деректері анықталды.

Қадағалау актісін қарау нәтижесінде 1 млрд теңге мөлшеріндегі еңбекақы бойынша берешек толық өтелді.

Жол берген бұзушылықтар үшін лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Тэгтер:

жалақы Балабақша еңбекақы айлық