Полиция бір мезгілде елдің үш өңірінде, яғни Түркістан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында жүйелі түрде мал ұрлығымен айналысқан ұйымдасқан үш қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тергеу барысында анықталғандай, қылмыстық топ мүшелері иелері қараусыз жіберген жылқы мен ірі қара малды еркін жайылымнан ұрлап отырған. Ұрланған мал алыс жерлерге айдалып, сол жақта сойылып, еті базарларға өткізілген.
Жедел іс-шаралар барысында күдіктілерден 55-тен астам ұрланған мал тәркіленіп, иелеріне қайтарылды.
Қылмыстық топтардың ұйымдастырушылары мен сыбайластары уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабына (Мал ұрлығы) сәйкес оларға 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылуы мүмкін.