Хасан Қасымбаевтың соты өтетін күн белгіленді

13 тамыз, 2025 / Алуа Арман
Ғаламтор

Талғар аудандық сотының мәліметінше, Қасымбаев ісі бойынша алғашқы сот отырыстары 20 тамызда басталады. Іс Талғар аудандық сотында қаралады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Талғарда «Хутор бригадасының» басшысы аталып жүрген Хасан Қасымбаев 2024 жылдың 5 қарашасында қамауға алынған болатын. Полиция дерегінше, Қасымбаев 2021 жылдың маусымында Талғарда аралас жекпе-жек жаттықтырушысын топпен ұрлау және соққыға жығу ісіне қатысы болуы мүмкін.

Хасан Қасымбаевқа қатысты бұрын адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және қорқытып ақша бопсалау фактілері бойынша тергеу басталған. Адвокаттардың бірі – жәбірленуші Әлішер Әлішевтің айтуынша, оған қылмыстық топ құру және оны басқару бабы тағылмаған.

Бұған дейін Қасымбаев ісінде тағы бір жәбірленушінің пайда болғаны хабарланған.

Айта кетейік, Хасан Қасымбаевтың аты Талғарда болған Шерзат Болаттың (Полаттың) резонанстық өліміне байланысты да аталған еді.

Тэгтер:

Талғар Хасан Қасымбаев