«Bir tolqynda»: Астаналық жастар би фестивалінде бақ сынады

13 тамыз, 2025 / Інжу Әлихан
«AMANAT» партиясы

«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты Халықаралық жастар күніне орай Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімдігінің қолдауымен «Bir tolqynda» заманауи би фестивалін ұйымдастырды. Осымен үшінші жыл қатарынан қолға алынып отырған дәстүрлі фестиваль аясында жастар арасындағы би чемпионаты мен елордалық талантты азаматтардың кеші өткізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Айналамызды жинау, ағаш отырғызу арқылы біз жайлы да таза қоршаған орта қалыптастырамыз. Барлық аула мен көшені, саябақ пен алаңқайды ұқыпты ұстау – өз қолымызда. Тазалық пен тәртіп – дұрыс өмір салтын ұстанудың басты көрінісі» деген еді.

Осы орайда, би фестивалі барысында ел Президентінің бастамасымен қолға алынған ауқымды «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына баса назар аударылды. Аталған бастама жастарды ең алдымен, салауатты өмір салтын ұстануға және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға үндейді.

Фестивальдің басты мақсаты – жастардың спорттық және шығармашылық әлеуетін ашу, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ белсенді азаматтарға қолдау көрсетіп, оларды түрлі шығармашылық жобаларға тарту. Осылайша, 400-ге жуық жас азамат жиналған алаңда түрлі интерактивтер, ойындар мен шығармашылық батлдар ұйымдастырылды.

«Жастар Рухы» жастар қанаты төрағасының орынбасары Ержан Хамитовтың айтуынша, бұл фестиваль – тек өнер додасы ғана емес, жастардың өз шығармашылық әлеуетін танытуына арналған тамаша мүмкіндік.

«Бұл іс-шара жастардың ұмтылысын қолдап, талантын көпшілікке танытуға, бір алаңда шығармашылық және спорттық әлеуеттерін ашуға мүмкіндік береді. Чемпионат аясында бидің жаңа бағыттарын дамытуға жол ашылып, жастардың өз қарым-қабілетін көрсете алуы үшін бірегей алаң ұсынылады. Жастар қанаты осындай маңызды бастамаларға ерекше мән береді. Себебі біздің басты мақсатымыз – азаматтардың идеяларын жүзеге асыруға жағдай жасау, оларды жаңа жобаларға тарту және қоғамда барынша белсенді болуға ынталандыру. Жастардың әр бастамасы мен жетістігі – еліміздің жарқын болашағы жолындағы маңызды қадам деп білеміз», – деді ол.

Чемпионат екі кезеңнен тұрды: номинациялар бойынша pre-selection (іріктеу туры) және номинациялар бойынша батл. Әр кезең қатысушылардың шығармашылық әлеуетін ашып, кәсіби шеберліктерін көрсетуіне ынталандырды. Іс-шара барысында қатысушылар жекелей және командалық өнер көрсетті.  

Өз кезегінде, All Styles pro номинациясының жеңімпазы Улукбек Бокоев чемпионаттың мәні мен маңызына тоқталды.

«Мұндай жарыстар жастардың шығармашылық қабілетін ашып, бидің жаңа бағыттарын дамытуға мүмкіндік береді. Біз тек жеңіс үшін ғана емес, жаңа идеялар мен таланттарды тану үшін қатысамыз. Халықаралық жастар күніне орай, бір алаңда замандастарыммен бас қостым. Осындай іс-шаралар жастардың шығармашылық белсенділігін арттырады. Тәжірибе алмасуға, жаңа дос табуға мүмкіндік береді», - деп өз пікірін білдірді.

Жарыс қорытындысы бойынша 3 номинация жеңімпаздары анықталады:

Тэгтер:

Астана «AMANAT» партиясы би Bir Tolqynda «Жастар Рухы»