Қостанайда жасөспірімдер WhatsApp аккаунттарын алаяқтарға сатқан

13 тамыз, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қостанай облысында Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері Жітіқара қаласының 15 жастағы үш жасөспірімін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Олар өздерінің WhatsApp аккаунттарын телефон арқылы алаяқтық жасайтын адамдарға сатқан.

Тергеу деректеріне сүйенсек, жасөспірімдердің аккаунттарын пайдаланған алаяқтар Қостанай қаласының екі тұрғынын жалпы сомасы 11 миллион 950 мың теңгеге алдаған.

Қаскөйлер жәбірленушілерге қоңырау шалып, түрлі сылтаулармен SMS арқылы келген кодты айтуын сұраған. Кодқа қол жеткізген соң, олар жәбірленушілердің банк шоттарынан қаражатты шешіп алған.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша жасөспірімдердің іс-әрекетіне құқықтық баға беріліп, олардың ата-аналарын жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылмақ.

Тэгтер:

Алаяқ Жасөспірім Қостанай