СҚО-да интернет-алаяқтыққа қатысы бар 5 күдікті ұсталды

13 тамыз, 2025 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Булаев қаласында полицейлер 19 бен 24 жас аралығындағы бес облыс тұрғынын ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Аққайың ауданының 21 жастағы тұрғыны халықаралық интернет-алаяқтық желісіне қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топты құрған деген күдікке ілінді. Ол 4 адамның әрекетін үйлестіріп отырған. Күдіктілер өз кезегінде қылмыстық жолмен табылған қаржыны аудару және қолма-қол алу үшін банк шоттары мен төлем карталарын пайдаланатын адамдарды ұйымдастырған.

Қазір ұсталғандардың еліміздің әр өңірінде, соның ішінде Солтүстік Қазақстан облысында жасалған сегіз интернет-алаяқтық дерегіне қатысы бар екені анықталды. Бұл фактілер бойынша келтірілген жалпы материалдық шығын 38,5 миллион теңгені құрайды.

«Олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. "Заң және тәртіп" тұжырымдамасын жүзеге асырудағы басым бағыттардың бірі. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында», - деп атап өтті СҚО ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлнұр Ахмедьяров.

Тэгтер:

Алаяқ СҚО интернет