Түркістанда түтінсіз темекі өнімдерін дайындаушылар 30 адамды жұмыспен қамтыған

13 тамыз, 2025 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Түркістан қаласында түтінсіз темекі өнімдерін заңсыз өндіру және өткізу фактісі бойынша Омашев пен Ташпулатовқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Арнайы операция барысында жалпы аумағы 1000 шаршы метрді құрайтын және күнделікті 30-дан астам жұмысшы жұмылдырылған жасырын өндірістік цех жойылды.

Шикізатты дайындаудан бастап логистиканы ұйымдастыруға және Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы ірі көтерме жеткізушілер арқылы сату арналарына дейінгі қылмыстық әрекеттің толық схемасы анықталды.

Заңсыз айналымнан тыйым салынған 635 қорап дайын өнім мен азаматтардың денсаулығына зиян 57 канистр хош иістендіргіштер мен уытты қоспалар тәркіленді.

Сот санкциясымен өндірістік жабдықтар мен қылмыстық жолмен алынған табысқа сатып алынған автокөлікке тыйым салынды.

Сот заңсыз бизнестің ұйымдастырушыларын кінәлі деп танып, оларға айыппұл жазасын тағайындады.

Автокөлік пен жабдықтар мемлекет кірісіне тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

 

 

 

Тэгтер:

Түркістан темекі түтінсіз темекі