13 тамыздан бастап Starlink компаниясы Қазақстан аумағында ресми түрде спутниктік интернет қызметін ұсына бастады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, енді еліміздің тұрғындары SpaceX компаниясына тиесілі төмен орбиталық спутниктер желісі арқылы жоғары жылдамдықты және сенімді интернетке қосыла алады.
Еске сала кетсек, 2025 жылғы 12 маусымда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Starlink компаниясы қызмет көрсету кезінде Қазақстан заңнамасын сақтауды міндеттейтін келісімге қол қойған болатын.
Starlink технологиясы шалғай және қолжетімдік төмен өңірлерде де тұрақты қосылымды қамтамасыз етіп, халыққа заманауи цифрлық сервистерді пайдалануға мүмкіндік береді.