Бас прокуратура сот үкімін орындау үшін Ресей Федерациясынан сотталған Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол 2014 жылы адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша Павлодар қаласында аса ірі көлемде есірткі заттарын сатқан.
66 кг марихуана мен 8 кг гашишті одан әрі сату мақсатында тасымалдау барысында полиция қызметкерлерімен ұсталған.
Алайда 2015 жылы ол сот үкімімен ақталды.
Кейін прокурордың наразылығы бойынша ақтау үкімінің күші жойылып, оған 10 жарым жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған.
Сол уақыт ішінде аталған адам қылмыстық жазадан құтылу мақсатында соттан бой тасалап, соған байланысты халықаралық іздеуге жарияланып, 6 жылдан астам уақыт жасырынған.
Өткен жылдың желтоқсанында іздеудегі адам Мәскеу облысында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша еліне экстрадицияланды.
Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, енді жоғарыда аталған жазасын өтеуі керек.