13 тамыз күні Қазақстанның 16 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кей өңірлерде найзағай, бұршақ, қатты жаңбыр және шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні секундына 15-28 метрге дейін жетуі мүмкін. Сондай-ақ бірнеше облыста төтенше және жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Ақмола облыстарында найзағай, бұршақ, дауыл және желдің күшеюі болжанады.
Жетісу және Жамбыл облыстарында қатты жел және аптап ыстық күтіледі.
Қарағанды, Павлодар, Ұлытау облыстарында – желдің күшеюі мен найзағай.
Синоптиктер тұрғындарға ауа райының өзгерісіне дайын болуға және қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.