Дженнифер Лопеске Аида Балаева сый ұсынды

12 тамыз, 2025 / Өтей Торғайұлы

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлемдік эстрада жұлдызы Дженнифер Лопеске ұлттық нақыштағы сыйлық табыстады. Бұл туралы концерттің продюсері Малик Хасенов мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өзінің Instagram парақшасында Хасенов Лопеске сыйды табыстап тұрған сәттен фотоколлаж жариялады. Министр сыйға ұлттық үлгідегі әшекей бұйымдар жиынтығын ұсынған.

«Бірнеше апта бойы әлемдік жұлдыздың Қазақстандағы алғашқы концерттік туры қызу талқыланды. Қазақстандағы оқиғалық туризмнің есігі ресми түрде ашылды. Гастроль аяқталған соң, Дженниферге қазақтың зергерлік бұйымдар жиынтығы сыйға тартылды. Бұл сыйды Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева ұсынды», – деп жазды Малик Хасенов.

Сондай-ақ ол Алматы және Астана қалаларының әкімдіктеріне үйлестіру мен қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.

Тэгтер:

сый Дженнифер Лопес