Қазақстандық әнші Түркия еліне аттанды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол сапары барысында әлемге әйгілі аспаз әрі меценат Бурак Өздемирдің мейрамханасына арнайы барған.
«Ыстанбұлда бізді @cznburak күтіп алды. Есесіне, әдемі қыздан бір ән шашу шаштым!
Тамсанды! Маған ұсыныс жасап жатыр. Қандай деп ойлайсыздар?», – деп жазды Мөлдір Әуелбекова.
Бұл жазбаны оқыған кей желі қолданушылары таңданысын жасыра алмаған.
«Осы жігіт қайтыс болды деп шулап жатыр еді ғой», «Ойбай, Мөлдір әпке! Сізді түріктерге бермейміз», «Мейрамханада ән салып беруіңізді сұраған болар», «Керемет», «Маған күйеуге шығасың ба?» деген шығар» деп жазды олар.