Әнші Ибрагим Ескендірге кезекті әскери шен берілді

12 тамыз, 2025 / Өтей Торғайұлы

Қорғаныс министрінің бұйрығымен Ибрагим Ескендірге капитан шені берілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл жайында өнер адамы әлеуметтік желіде айтты.

«Капитан атандық. Құтты болсын! Абыройлы болайық», – деп жазды әнші.

Айта кетейік, әнші әрі спортшы Ибрагим Ескендір Қорғаныс министрлігінің әскери күштері қатарында қызмет етеді.

Тэгтер:

капитан Ибрагим Ескендір