Доллар бағасы төмендеді

12 тамыз, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 542,29 теңгені құрап, 0,49 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық банктің 12 тамыздағы ресми доллар бағамы – 542,66 теңге.

Kurs.kz сайтының дерегінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алу орташа бағамы – 541,48 теңге, сату – 543,59 теңге. Астанада долларды орташа есеппен 538,68 теңгеден сатып алып, 545,67 теңгеден сатады.

Еске сала кетсек, 4 тамыздағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 1,35 теңгеге төмендеді, 5 тамызда – 3,98 теңгеге, 6 тамызда – 0,97 теңгеге төмендеді, ал 7 тамызда – 2,68 теңгеге, 8 тамызда – 0,25 теңгеге, 11 тамызда – 2,85 теңгеге өсті.

Тэгтер:

Доллар Валюта теңге нарық қор