Жастар тәжірибесінің жалақысы - 71 мың 900 теңге

Жастар тәжірибесінің жалақысы - 71 мың 900 теңге

Жастар тәжірибесінің жалақысы - 71 мың 900 теңге
ашық дереккөзі
Ағымдағы жылы елордадағы жастар тәжірибесінің жалақысы 71 900 теңгені құрады, деп хабарлады Астана әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы. «Жастар тәжірибесінің қатысушылары барлық әлеуметтік аударымдарды есепке алғанда қолдарына 60 684 теңге алатын болады», - делінген хабарламада. Айта кетерлік жайт, жастар тәжірибесіне жасы 29-дан аспаған, жұмыссыз деп тіркелген  соңғы үш жылдың түлектері ғана жіберіледі. Жұмысқа қабылдау туралы шешім қабылданған жағдайда жұмыс беруші «Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне» сүйене отырып жас маманмен еңбек келісім шартын жасайды. Жастар тәжірибесі – алғашқы тәжірибе жинау үшін оқу орындарының түлектерін уақытша жұмыспен қамту. Өткен жылы  Халықты жұмыспен қамту орталығы жастар тәжірибесіне 661 адамды жіберді және олардың жалақысы 53 800 теңгені құрады. Халықты жұмыспен қамту орталығынан атап өткендей, бүгінде сұранысқа ие мамандықтар құқықтану, бухгалтерлік есеп және аудит, экономист, бағдарламашы, әлеуметтік жұмысшы. Тәжірибеден өту мерзімі - 6 ай.