Көкшетауда көлік қаққан үш жасар бала көз жұмды

Бүгін, 11:48 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ақмола облысында үш жастағы бала жол-көлік оқиғасынан қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға 12 тамыз күні Көкшетаудың Абай және Вернадский көшелерінің қиылысында болған. Chery маркалы автокөлік қатысқан жол-көлік оқиғасынан үш жасар бала ауруханада көз жұмды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Полиция департаменті осындай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін сақтау, әсіресе қозғалысы қарқынды учаскелерде, көлік құралының техникалық жағдайын бақылау және әрдайым ауа райы жағдайын ескеріп жүру қажеттігін еске салады.

Тэгтер:

Жол апаты Көкшетау