Жыл басынан бері 88 мың есірткі дүкенінің шоттары бұғатталды – Прокуратура

Бүгін, 10:33 / Алуа Арман
istockphoto.com

Бас Прокурор Берік Асылов 2025 жылдың 7 айындағы прокуратура органдарының жұмысы туралы баяндады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Прокурорлар заңдылықты нығайту, «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету және қоғамда заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру шараларын жалғастыруда.

Үйлестіру шаралары арқылы қылмыстық ахуалды жақсарту міндеттері жедел шешілді. Қылмыстық құқық бұзушылық деңгейі төмендеді (82573-тен 76512-ге дейін).

Қоғамдық орындар (23121-ден 21269-ға дейін) мен көшелерде (11035-тен 10272-ге дейін) құқықтық тәртіп жақсарды.

Алайда  интернет-алаяқтық пен есірткі қылмысы мәселесі өзекті күйінде қалып отыр.

Осы санаттағы қылмыстардың жолын кесу, анықтау және ашу бойынша мүдделі органдармен бірлесіп ауқымды және жүйелі іс-шаралар жүргізілуде.

Мәселен, алаяқтыққа қарсы күрес шеңберінде 61 кибертоп әшкереленіп, 217 «дроппер» қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Интернеттегі есірткінің заңсыз айналымы инфрақұрылымын тұрақсыздандыру мақсатында 88 мың есірткі дүкенінің шоттары бұғатталды.

Тэгтер:

Есірткі Дүкен шот бұғаттау