Шілдеде 7 қазақстандық террористік қылмыс жасағаны үшін сотталған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді.
«Түркістан қаласының соты шетелдегі террористік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін, жергілікті тұрғынын 8 жылға бас бостандығынан айырды. Бұған дейін ол шет мемлекеттің аумағында ұсталып, серіктес арнайы қызметтердің бірімен әрекеттесе, арнайы күзетпен Қазақстанға депортацияланған.
Алматы облысының түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан радикалды идеологияның жақтаушысы кісі өлтіруге әрекеттенгені және терроризмді насихаттағаны үшін қосымша 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының, Алматы және Астана қалаларының соттары терроризмді насихаттап, шетелдегі соғыс қимылдары аймақтарына шығуға әрекеттенгені үшін еліміздің 5 азаматын 4 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесті», - делінген хабарламада.
Терроризм мен діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жұмыстары жалғасуда.