Ақмола облысында жеті адам бруцеллез жұқтырған

Бүгін, 09:13 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ақмола облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Серік Омархановтың айтуынша, облыстағы бруцеллез ауруының алты айдағы көрсеткіші тұрақсыз, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Жеті бруцеллез жағдайы тіркелді, бұл өткен жылдың деңгейінен жоғары. Өткен жылдың осы кезеңінде бар-жоғы екі жағдай ғана тіркелген. Өсу 3,5 есеге жетті», — деді спикер.

Ауру Ерейментау, Зеренді, Жақсы аудандарында және Көкшетау мен Қосшы қаласында анықталды. Қосшыда ауырғандардың ішінде 14 жасқа дейінгі бір бала бар.

«Ауырғандардың бесеуі — ауыл тұрғындары, екеуі — қала тұрғындары. Барлығы тексеруден өтті. Аурудың болжамды жұғу көзі — бруцеллезге оң реакция берген ауыл шаруашылығы жануарларымен байланыс. Бір жағдайда — ұсақ мал, бір жағдайда — ірі қара, қалған бес жағдайда инфекция көзі анықталмаған», — деп толықтырды Серік Омарханов.

Тэгтер:

Ақмола облысы ауру бруцеллез жұқтыру