Жаңалықтар

Бастауыш мектептегі атыстан үш адам қаза тапты

ашық дереккөзі

Бастауыш мектептегі атыстан үш адам қаза тапты

АҚШ-тың Калифорния штатында орналасқан Сан-Бернардино қаласындағы бастауыш мектепте болған атыстан қаза тапқандар саны үш адамға жетті, - деп хабарлайды Reuters. Полиция мәліметінше, ауруханада 8 жастағы оқушы көз жұмған. Тағы бір баланың жағдайы аса ауыр халде. Осыған дейін екі ересек адамның (мұғалім әйел және ер адам) қаза тапқаны туралы хабарланған еді. Ер адам мұғалімнің бұрынғы күйеуі екені анықталған. Полицияның мәліметінше, қылмыскер сыныптың ішінде оқ ата бастағанда, балаларға оқ кездейсоқ тиген, Сан-Бернардино қаласында 2015 жылы желтоқсанда отбасылық жұп 14 адамды атып тастаған болатын. Еске сала кетейік, жергілікті полиция басшысы Джарред Бергуанның айтуынша, атыс North Park мектебінде болған. Онда 5-12 жас аралығындағы балалар оқиды. Атыс салдарынан екі ересек адам қаза тапты. Екі оқушы ауруханаға жеткізілген, олардың жағдайы белгісіз. Бергуанидың ойынша, қылмыскер өзіне қол жұмсаған. "Қазіргі уақытта қауіп-қатер жоқ", - деп жазды ол Twitter желісіндегі парақшасында. Полиция оқиға орнында жұмыс істеп жатыр, оқушылар эваккуацияланған.