Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 28,4 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Жеті айда 239 кәсіпорын 3,5 мыңнан астам жұмыскерге 1,3 млрд теңге жалақыны уақытында төлемеген.
Сондай-ақ еңбек құқығы 4 мыңнан астам мәрте бұзылғаны анықталды.
"Жалақысын төлемей, еңбек құқығын бұзған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 2 287 ұйғарым берілді және 277 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды", - дейді ведомство.
Еңбек инспекторлары 3,4 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғап, оларға 1,1 млрд теңге жалақы төленді.
Жалпы 1 тамызға дейін мемлекеттік еңбек инспекторлары 3 514 тексеру жүргізді, оның барысында 4 132 заң бұзушылық анықталды, оның ішінде:
еңбек саласында – 3 465;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 648;
халықты жұмыспен қамту бойынша – 19.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 25 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.