«Көзді қыздырып жүр»: Ерке Есмахан Дженнифер Лопес сияқты болғысы келетінін айтты

Бүгін, 07:18 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Әнші Ерке Есмахан Алматыда өткен Дженнифер Лопестің концертіне байланысты әзіл айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол әлеуметтік желідегі жазбасында әлемдік жұлдыздың сымбатты дене бітіміне қызыға қарап, тіпті одан «ұялып жүргенін» қалжыңмен жеткізді.

«3 баланың анасынан жалынды сәлем! Бұл жолы декретте көп отырмай, тез-тез Ерке Есмахан болуға асығып отырмын. J.Lo да көзді қыздырып әлі жүр. Қайтса екен концерттерін аяқтап. Фигураны ойламай, өзіміз тыныш отырып ет асып жейтін», - деп әзілдеді әнші.

Көпшілік Еркенің бұл қалжыңын жылы қабылдап, оған қолдау білдіріп жатыр.  

«ДжейЛо сіздің шаңыңызға ілесе алмас», «J.Lo саған қызықсын, Ерке», «ДжейЛоның фигурасын қайтейін, Еркенің әшекейі супер екен», «Біздің J.Lo өзің боп тұрсың ғой», - деп жазды олар.