Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады

Бүгін, 05:11 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

12 тамыз күні Астана мен 16 облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Астана – таңертең және күндіз қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, найзағай; жел екпіні 25 м/с дейін.

Жетісу облысы – таулы аймақтарда найзағай, кей жерде жел 28 м/с дейін, Талдықорғанда +35°С ыстық.

Атырау облысы – солтүстік-батыста қатты жаңбыр, дауыл, найзағай; оңтүстікте төтенше өрт қаупі.

Жамбыл облысы – кей өңірлерде жел 20 м/с, жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысы – орталық және шығыста түнде, таңертең шаңды дауыл, жел екпіні 28 м/с.

Ақтөбе облысы – солтүстік пен батыста найзағай, жел 18 м/с.

Түркістан облысы – күндіз +40°С қатты ыстық, төтенше өрт қаупі.

Батыс Қазақстан облысы – найзағай, бұршақ, дауыл; жел 20 м/с дейін.

Қарағанды облысы – найзағай, кей жерде жел 23 м/с, оңтүстікте төтенше өрт қаупі.

Павлодар облысы – қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл; жел екпіні 28 м/с дейін.

Ұлытау облысы – найзағай, дауыл, жел 28 м/с дейін.

Шығыс Қазақстан облысы – найзағай, бұршақ, түнде тұман.

Абай облысы – найзағай, бұршақ, жел екпіні 23 м/с.

Ақмола облысы – қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл; жел 28 м/с дейін.

Қостанай облысы – түнде қатты жаңбыр, күндіз найзағай, бұршақ.

Солтүстік Қазақстан облысы – қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл; түнде және таңертең тұман.

Маңғыстау облысы – найзағай, дауыл; жел екпіні 23 м/с дейін.

"Қазгидромет" мамандары тұрғындарға ауа райы өзгерістеріне мұқият болып, қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.