Көлік полицейлері ҚХР азаматына 1 млн теңгеге жуық қаржысын қайтаруға көмектесті, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Алматы әуежайында ұшаққа отыруға санаулы минуттар қалғанда Қытай Халық Республикасының азаматы өте күрделі жағдайға тап болған. Ол қателесіп, бейтаныс адамға 970 мың теңгесін аударып жіберген. Азаматтың дегбірі қашып, абдырап қалған сәтінде оған полиция аға сержанты Шыңғыс Тұраш пен жедел уәкіл Еламан Илебай бірден көмектесті», – деп жазылған Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.