Бишімбаев ісі кезінде елге атағы жайылған астаналық прокурор Айжан Аймағанова қырғыз ағайындардың ыстық ықыласын байқатты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол бұл әлеуметтік желіде оқырмандарынан сұрақ қоюын өтінген. Сауал жолдағандар арасында бауырлас елдің өкілдері де болған.
«Қырғыз Республикасына келіп, оқырмандарыңызбен кездесу жоспарыңызда бар ма?», «Мен қырғыз еліненмін. Сіздің неше балаңыз бар?», «Сізге сұрағым жоқ. Бақытты болыңыз!», «Ыстықкөлге қонаққа келіңіз», «Сіздің парақшаңызды Қырғыз Республикасынан сұқтана қарап жүремін» деп жазды шекаралас елдің азаматтары.