Microsoft: 5 жылдан кейін пернетақта мен "тышқанды" ұмытамыз

11 тамыз, 2025 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Microsoft компаниясы алдағы 5 жылда дәстүрлі тінтуір мен пернетақта қолданыстан шыға бастайтынын мәлімдеді. Болашақ Windows нұсқалары тек жасанды интеллект негізінде дыбыс арқылы басқарылатын болады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Компанияның айтуынша, енді мәтін теріп, батырма басудың орнына пайдаланушылар компьютермен кәдімгі әріптеспен сөйлескендей диалог құрады. Дауыстық AI-чат құжаттармен, қосымшалармен және интернетпен жұмыс істеудің негізгі құралына айналады, ал интерфейс адамның табиғи сөйлеуіне бейімделеді.

Microsoft мұндай тәсіл тапсырмаларды тез орындауға, жаңа пайдаланушылар үшін ыңғайлылықты арттыруға және компьютермен өзара әрекеттесуді интуитивті етуге көмектеседі деп санайды. Дегенмен, сыншылар дауысқа негізделген басқару классикалық әдістерге үйренгендерге қиындық тудыруы мүмкін екенін және бұлттық сервистерге тәуелділікті күшейтетінін ескертеді.

Тэгтер:

тышқан Microsoft пернетақта