Сейілхан Болатбек Дүниежүзілік ойындарда қола медаль алды

Бүгін, 17:42 / Інжу Әлихан
Спортты дамыту дирекциясы

Қытайдың Чэнду қаласында XII Дүниежүзілік ойындарында джиу-джитсудан не-ваза бөлімі бойынша 77 келідегі Сейілхан Болатбек қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz

Отандасымыз жүлделі орын үшін таласта Канада өкілі Майкл Шиханмен жолығып, 2:0 есебімен басым түсті. Одан бөлек, 69 келідегі Нұржан Батырбеков 3-орын үшін өткен кездесуде  Оңтүстік Корея спортшысы Сеонг Хион Жуға есе жіберіп, жүлдеге бір қадам жетпей қалған еді.

Осылайша, отандастарымыз үшін джиу-джитсудан XII Дүниежүзілік ойындары аяқталды. Кеше джиу-джитсудан файтинг бөлімі бойынша 69 келіде Жәнібек Әбу-Бәкір чемпион атанса, 77 келідегі Нұрсұлтан Дүйсенқұлов күміс жүлде және 62 келіде Аслан Қанатбек қола жүлдені иемденген болатын.

Тэгтер:

Қытай джиу-джитсу Сейілхан Болатбек Дүниежүзілік ойындар