Батыс Қазақстан облысында Орал-Атырау жолы бойында адам өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Kazinrorm агенттігіне сілтеме жасап.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 10 тамыз күні сағат 15.00-де Оралға қарасты Круглоозерный кенті тұсында жүргізуші «ВАЗ-2115» автокөлігімен басып озамын деп, қарсы бетке шығып кеткен.
Содан кейін Toyota Camry және Нyndai Creta көліктерімен соқтығысқан.
— Жол апаты салдарынан «ВАЗ-2115» көлігінің жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырды. Оған қоса Нyndai Creta автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жатқызылды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде, — деп хабарлады ведомстводан.