Шымкент қаласының білім басқармасы жас мамандарды 13 тамызда сағат 10:00-де өтетін «BilimQadam-2025» бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне шақырады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Мақсат – жас мамандар мен білім беру ұйымдарын тікелей байланыстыратын тиімді алаң құру.
Бағдарламада:
- Әртүрлі пәндер бойынша бос орындар;
- Мектеп, балабақша, қосымша білім беру ұйымдары өкілдерімен сұхбаттасу;
- НОБД HR жүйесіне тіркелу бойынша кеңес;
- Пайдалы ақпараттар мен жадынамалар.
Маңызды: GPA 3,33 және одан жоғары, сертификаттаудан өткен түлектер конкурстан тыс жұмысқа орналасады.
Өзіңізбен бірге:
- Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ);
- Түйіндеме;
- Диплом және құжат көшірмелерін ала келіңіз.
Өтетін орны: Көрме орталығы, Н. Назарбаев даңғылы, 12