"Азияның жаңа әндері" рейтингінде "Ұмытылмас күн"бірінші орынға шықты

"Азияның жаңа әндері" рейтингінде "Ұмытылмас күн"бірінші орынға шықты

"Азияның жаңа әндері" рейтингінде "Ұмытылмас күн"бірінші орынға шықты
ашық дереккөзі
Димаш Құдайбергеннің Қытайдағы "Singer - 2017" байқауының Х турында қазақ-қытай тілінде орындаған "Ұмытылмас күн" әні "Азияның жаңа әндері" (Freshasia music) рейтингінде І-орынға шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қазақстандық әнші таяуда Шэньчжэнь қаласында өткен "17th Top China Awards" байқауында "Халықаралық дәрежедегі танымал әнші" номинациясын жеңіп алғаннан кейін, Димаш осы "Ұмытылмас күн" әнін орындаған болатын. Жаңа рейтингте Димаштың "Ұмытылмас күн" әні 118 400 ұпай жинап І- орын, "Battle of Memories" киносының саундтрегі "Memories That Can’t Take Away" әні 115029 ұпаймен ІІ-орыннан көрінді. Айта кетейік, 4 сәуірде Димаш Құдайбергеннің финалдың бірінші кезеңінде қандай ән айтатыны белгілі болған еді. "8 сәуір күні Финалдың алғашқы сайыс күні италиялық әнші Адриано Челентаноның "Confessa" және "Бесінші элемент" фильміндегі Дива Плавалагунаның ариясын тыңдай аласыздар! Тілектеріңіз бен қолдауларыңызға раxмет! Біргеміз", - деп жазған еді Димаш Құдайберген Instagram желісіндегі парақшасында. Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының 10-шы кезеңінде 3-орын алып, байқаудың финалына шыққан болатын. Бұл кезеңде қазақстандық әнші "Ұмытылмас күн" әнін қазақ және қытай тілінде орындады. Айта кетейік, әннің авторы Димаш Құдайбергеннің өзі де, сөзін Орал Байсеңгір жазған. Ал 1 сәуірден бастап байқауды қазақстандық телеарна көрcетіп жатыр. Сондай-ақ, Димаш Құдайбергеннің Астанада Лара Фабианмен бірге ән салатыны хабарланған болатын. "Димаш Құдайберген шақырады" концерті "Астана Арена" сахнасында 27 маусымда өтетіні айтылған еді. https://www.youtube.com/watch?v=BoeigKW8vg4