Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларынaң орташа бағамы 542,66 теңгені құрап, 2,85 теңгеге өсті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан Ұлттық банкінің 11 тамыздағы ресми доллар бағамы – 539,49 теңге.
Kurs.kz сайтының дерегінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы – 542,08 теңге, сату бағамы – 544,15 теңге. Астанадағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 540,53 теңгеден сатып алып, 547,53 теңгеден сатады.
Еске салайық, 4 тамыздағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 1,35 теңгеге, 5 тамызда – 3,98 теңгеге, 6 тамызда – 0,97 теңгеге төмендеді. Ал 7 тамызда 2,68 теңгеге, 8 тамызда 0,25 теңгеге өсті.