Астана құрылысшылары 45 күннің ішінде үй тұрғызып, рекорд орнатты

Бүгін, 15:14 / Інжу Әлихан
Жеке парақшасынан

Кәсіпкер, «BI Group» директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев Құрылысшылар күнінде сала қызметкерлерін құттықтап, олардың жаңа жетістігін атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, құрылысшылар 9 қабатты үйді небәрі 45 күнде тұрғызған.

«Бұл – біздің технологиядағы серпін және бүкіл сала үшін жетістік. Пәтерлердің жарты бөлігі таза әрленген күйде берілді.

Алдағы уақытта бұл тәжірибені арттырып, өз клиненттерімізді тез қоныстануына күш салып, қуантпақпыз.
Содан соң BI жұмыс істейтін 6 елде бұл технологияларды қолданып, шетелде көк Туымызды танытпақпыз. 
Бұл идеяны іске асырған команданы құттықтау үшін барып қайттым. Қараңыздаршы, арамыздан қандай жастар өсіп шықты. Жас болса да, өз ісінің шеберлері.

 Қазақстандағы барлық құрылысшыны  мерекесімен құттықтаймын! Армандарыңыз асқақ , жолдарыңыз ашық, жүректеріңіз таза болсын!», – деп жазды А. Рахымбаев.

Тэгтер:

үй құрылыс