Батыс Қазақстан облысының табиғатты қорғау полициясы заңсыз аң аулау фактісін әшкереледі, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жуырда түнгі уақытта Үлкен Шаған – Переметное тас жолының 15-шақырымында Орал қаласының 53 жастағы тұрғыны тізгіндеген Toyota Land Cruiser автокөлігі тоқтатылды.
Көлікті тексеру барысында салоннан екі қабанның төс еті, 7 дана оқ-дәрі, екі пышақ және бір балта табылып, тәркіленді.
Көлік айып тұрағына қойылды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.