Қарағанды облысындағы тасжолда 3 адам қаза тапты

Бүгін, 12:43 / Інжу Әлихан
скриншот

11 тамызда сағат 00:10-да «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 1 396-шақырымында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«ҚазАвтоЖол» компаниясының хабарлауынша, Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен.

«Қаза болғандардың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Жүргізушілерге жылдамдық режимін қатаң сақтап, көліктің техникалық жай-күйін алдын ала тексеру қажеттігін еске саламыз», – делінген хабарламада.

Облыстық полиция департаментінің ақпаратынша, оқиға Ошақанды ауылы маңында болған.

«Алдын ала дерек бойынша, 30 жастағы Toyota Alphard жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлікті жол жиегіндегі кюветке түсіріп алған. Жол апаты салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы төртеуі, оның ішінде екі кәмелетке толмаған бала, медициналық мекемеге жеткізілді», - делінген жазбада.

Тэгтер:

Жол апаты Қарағанды облысы қаза тасжол