Таиландтың Бангкок қаласында бокстан жастар арасындағы (U22) Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектері өтіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ерлер арасында Нұрислам Қалдыбаев 60 келіге дейінгі салмақтың финалында өзбекстандық Шохрух Абдумаликовты жеңді.
Сондай-ақ финалдық кезеңде Илья Калинин (65 келіге дейін), Нұрбек Мұрсал (70 келіге дейін), Санжарәлі Бегалиев (80 келіге дейін), Темірлан Мұқатаев (90 келіге дейін) бақ сынайды.