Алматыда барахолкада алапат өрт шықты

Бүгін, 11:31 / Алуа Арман
Коллаж: Turkystan.kz

Алматы қаласының Солтүстік айналым көшесінде орналасқан базар аумағында өрт шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәрежелі шақыру бойынша жіберілді. Келген кезде асхана өртеніп, оттың 20 тонналық екі контейнерге ауысқаны анықталды. Өрттің жалпы ауданы 70 ш. м. құрады. Үйлесімді іс-қимылдың арқасында өрт 30 минуттың ішінде толықтай жойылды.

Сөндіру кезінде дрондар пайдаланылды. Олардың көмегімен өрт сөндірушілер таралу ошақтары мен жоғары температура орындарын анықтады.

Қабылданған шаралардың арқасында өрттің одан әрі таралуына жол берілмей, кәсіпкерлердің мүлкін сақтап қалуға мүмкіндік туды. Сондай-ақ, екі газ баллоны эвакуацияланды.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталады.

 

Тэгтер:

өрт барахолка базар өрт сөндіру