Адвокат Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның атынан апелляциялық арыз түсірді. Бұл ақпаратты Арман Давлетьяров растады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Заңгер өз қорғауындағы азаматтарды ақтауды сұрағанын айтты.
«Иә, мен апелляциялық шағым бердім. Апелляциялық шағымда олардың (Қайрат пен Алашбаеваның – ред.) әрекеттерінде қылмыс құрамы болмауына байланысты үкімнің күшін жойып, ақтауды сұраймын», – деді адвокат.
Шағымның қашан қаралатыны әзірге белгісіз. Айта кетейік, 25 шілдеде шығарылған Перизат Қайратқа қатысты үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, 25 шілдеде қоғам белсендісі Перизат Қайрат орташа қауіпсіздік колониясында 10 жылға бас бостандығынан айырылды, ал оның анасы Гайни Алашбаева 7 жылға сотталды. Әйелдер алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру баптары бойынша кінәлі деп танылды. Үкімнен кейін Арман Давлетьяров бұл шешімді "негізсіз және заңсыз" деп атап, оны шағымданатынын мәлімдеген еді.