Халықаралық террористік ұйымның мүшесі болған күдікті елге әкелінді

Бүгін, 10:41 / Алуа Арман
istockphoto.com

ҰҚК қызметкерлері халықаралық террористік ұйым қызметіне қатысты деген күдікке ілінген Қазақстан азаматын Астана қаласына жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұған дейін ол Таяу Шығыс елдерінің бірінде ұсталған.

Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 257-бабы бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Тэгтер:

Террористік ұйым террор