Таиландтың Бангкок қаласында бокстан жастар арасындағы (U22) Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектері басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақта Гүлназ Бөрібаева Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальді салды.
Шешуші кездесуде қазақстандық спортшы өзбекстандық Робияхон Бахтиерованы жеңді.
Айта кетейік, финалдық кезеңде, сондай-ақ, Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін), Шұғыла Нәлібай (75 келіге дейін) және Әсел Тоқтасын (80 келіден жоғары) бақ сынайды.