Қазақстандық оқушылар робототехника чемпионатында 7 жүлде иеленді

Бүгін, 09:37 / Інжу Әлихан
Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстандағы «Келешек мектептері» мен инновациялық шығармашылық орталықтарының оқушылары 7-10 тамыз аралығында Қытайдың Макао қаласында FIRST LEGO League Asia Open Championship 2025 халықаралық чемпионатында табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл чемпионат робототехника, ғылыми зерттеулер мен инновациялық жобалар саласындағы Азиядағы ең ірі алаңға айналды. Әлемнің 30-дан астам елінен келген 500-ден астам команда мен 12 мыңнан астам қатысушы жиналды. Биылғы жарыстың тақырыбы «Су асты әлемін зерттеу».

Үш күндік жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық оқушылар инженерлік шеберлік, креативтілік және командалық жұмыс бойынша жоғары деңгей көрсетіп, еліміздің намысын халықаралық аренада абыроймен қорғады:

2 қола медаль – Champions Award және чемпионаттың басты марапаты: Leas оқу орталығының тәрбиеленушілері (Explore санаты, 6–10 жас) және Орал қаласының Оқушылар сарайының «Subsquad» командасы (Challenge санаты, 10–16 жас).

7 арнайы төрешілер жүлдесі:

Тэгтер:

Қазақстан Қытай оқушы жүлде Робототехника