Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина АҚШ-тағы турнирде жүлдегер атанды

Бүгін, 09:04 / Інжу Әлихан
Olympic.kz

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының өкілі Софья Самоделкина жаңа маусымдағы алғашқы медаліне қол жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Казахстандық спортшы АҚШ-тың Норвуд қаласында өткен жарыста сәтті өнер көрсетті.

Самоделкина күміс медаль жеңіп алды. Екі бағдарламаның қорытындысы бойынша Софья 203,15 ұпай жинады.

Ол тек америкалық Изабо Левитоға (207,61) ғана жол берді. Үшінші орынға Оңтүстік Кореядан барған Джиа Шин (179,97) ие болды.