Әскери тікұшақ апаты: Сорбұлақ көлінен екінші адамның мәйіті шығарылды

10 тамыз, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Әскери тікұшақ құлаған көлден екінші адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қорғаныс министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, EC-145 тікұшағы құлаған аймақта іздестіру-құтқару іс-шаралары жалғасып жатыр.

"Екінші адамның денесі табылып, судан шығарылды. Қазіргі уақытта құзыретті органдардың қатысуымен анықтау рәсімі жүргізіліп жатыр", - делінген ресми хабарламада.